Теңге мұнай-газ конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теңге мұнай-газ конденсат кен орныОңтүстік Маңғыстау ойпаңы Жазыгүрлі ішкі ойысындағы ірі кен орны. Жаңаөзен қаласы 8 км жерде орналасқан. Кен 1964 жылы ашылып, 1970 жылдан пайдаланылып келеді.

Геологиялық құрылымы

Құрылымы жағынан өлшемі 19-13,5 км, амплитудасы 70 м-ге дейін болатын брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Жалпы қалыңдығы 700 м өнімді шөгінділер жоғарғы юраның келловей ярусынан ортаңғы юраның аллен ярусына дейінгі стратиграфиялық қиманы қамтиды.

Жатыс сипаты

Анықталған 10 өнімді қабаттың жетеуі газконденсатты, үшеуі мұнаймен жиектелген газконденсатты болып келеді. Кен шоғырларының бәрі дерлік қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Өнімді қойнауқат жинауыштарының кеуектілігі 14-20%-ға, өткізгіштігі 0,036-дан 0,085 мкм2-ге дейін, газға қаныққан қалыңдығы 2,6-17 м.

Құрамы

Мұнайының тығыздығы 0,849-0,854 г/см3, күкірті аз, парафині мол, аз мөлшерде шайыр және асфальтендер кездеседі. Кен шоғырларының газдары жеңіл, олардың құрамында метан (86 – 91,7%), азот, көмір қышқыл газы, сутек, т.б. бар. Газ шығымы 42-340 м3/тәу. Тұрақты конденсаттың газдағы мөлшері 40-46,2 г/м3, тығыздығы 0,732-764 г/см3. Газ бен конденсат қоры жөнінен ірі кен болып саналады.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Теңге мұнай-газ конденсат кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}