Тестілеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тестілеу (Тестирование; testing) — тұтас компьютердің немесе оның жекелеген бөліктері мен программалық жасақтамалары жұмысының дұрыстығын анықтайтын процесс.

Альфа-тестілеу

Альфа-тестілеу (Альфа-тестирование; а- testing) — арнайы жасалған тапсырмалар арқылы даяр программалық өнімді тестілеу.

Артығымен тестілеу

Артығымен тестілеу (Избыточное тестирование; redundancy) — күрделірек тестіні пайдаланып қайта тестілеу.

Бета-тестілеу

Бета-тестілеу (Бета-тестирование; (3- testing) — программалық өнімді келешек өзгертулерге тегін таратып, нақтылы тапсырмалармен тестілеу. Табылған қателер мен ескертулер жайлы программалаушыға хабарлайды.

Кездейсоқ тестілеу

Кездейсоқ тестілеу (Стохастическое тестирование; stochastic testing) — құрылғыларды, программа]арды жөне жүйелерді кездейсоқ мөндерді тест ретінде қолдану арқылы тестілеу. Берілген мөліметтердің барлық мүмкін комбинацияларьін шолып шығу қиын болған жағдайларда күрделі жүйелерді тестілеу.

Құрылымдық тестілеу

Құрылымдық тестілеу (Структурное тестирование) — программаның ішкі құрылымын зерттеу арқылы тестілеу.

Қызметтік тестілеу

Қызметтік тестілеу (Функциональное тестирование) — программаның ішкі құрылымы қарастырылмастан, функционалдық мүмкіндіктерін тестілеу.

Өрлемелі тестілеу

Өрлемелі тестілеу (Восходящее тестирование; ascending testing) — программалық өнім төменнен жоғары тексеріліп жинастырылатын программаны тестілеу әдісі. Мұнда алдымен төменгі модульдер жеке-жеке тексеріліп, олардың интерфейстері одан жоғарырақ деңгейдегі модульдермен бақыланады, сонан соң осы деңгейдің модульдері тексеріледі және т.б. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / А.Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}