Тест

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тест<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref> (Test) — компьютердің жөне оның программалық жабдығының дұрыс жұмыс жасайтындығын тексеруге арналған бақылау тапсырмасы; сыналатын программа немесе құрылғының дұрыстығын тексеруге арналған әрекеттер процедурасы.

Тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін беліілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}