Теріскен (өсімдік)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Теріскен немесе Крашенинниковия (Үлгі:Lang-la) — Қызылқұйрық тұқымдасының (Amaranthaceae) Алабұталар тармағына (Chenopodіaceaе) жататын бір үйлі шалабұта туысы.

Қазақстанда екі түрі бар:

Далалы шөл және шөлейт жерлерде, тастақты, қиыршық тасты тау бөктерінде өседі. Шілде және қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі 30-80 см. Сабағы бұтақтанған. Жапырағы қандауыр, эллипс пішіндес, оны түк басқан. Гүлі ұсақ, дара жынысты. Гүлшоғыры масақ. Жемісі дәнек. Оны әсіресе түйе сүйсініп жейді. Теріскеннің құрамында 18.9-19.6%сіңімді протеин, 23-25% жасунық , 2,7% май, 8-12% күл бар. 100 кг шөбінде 81,7-92,5%(жазда 48,9-52,4%, күзде 31,3-35,4%)азық өлшемі болады. Отын ретінде де пайдаланылады.<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы, 1987</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Commons