Термалды су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Термал су - табиғи жағдайлардағы температурасы 20°C-тен жоғары келетін жер асты суларының түрі. Бұлардың температурасы тау жыныстарының құрылымдық, магматогендік, гидрогеологиялық жағдайларымен және литологиялық-петрографикалық құрамымен анықталатын геотермалдық градиенттің шамасына байланысты.

Қазақстандағы термал су

Қазақстан Республикасының палеозойлық құрылымдарының геотермалдық градиенті 1-1,8°C/100 м-ге тең, артезиан алаптарында 1,5-5,5°C/100 м-ге дейін жетеді. Жер асты суларының ең жоғарғы температурасы альпі қатпарлығы айимағына жақын орналасқан артезиандық алаптарда байқалады. Қазақстан аумағында 500 м тереңдікке дейінгі жер асты суларының температурасы Каспий маңы, Шу-Сарысу артезиан алаптарының шеткі аймақтарында Торғай, Оңтүстік Балқаш, Зайсан артезиан алаптарында 20-30°C-тан, Ертіс маңы, Маңғыстау,Үстірт, Сырдария, Іле артезиан алаптарында 30-45°С-қа дейін жоғарылайды. 1500 м тереңдікте Зайсан, Оңтүстік Торғай алаптарында 40-45°С-тан Маңқыстау, Үстірт, Сырдарияның батыс жағы алаптарында 70-95°C-қа дейін жоғарылайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік батыс жақтарында терең артезиан алаптарының 4000 м тереңдігінде су температурасы 150-170°C не одан да жоғары болады. Алпілік не орогендік белдеуде су температурасы 50-55°C қа, шығыны 3-5 л/с-ке жететін тұщы Термал суының көптеген бұлақтары бар. Термал су қорларының мол аудандары: маңғыстау, Үстірт, Ертіс маңы, Сырдария, Іле артезиан алаптары. Термал су курорттық жерлерде және мекемелерде емдік қасиеті бар су ретінде, елді мекендерге жылу бер үшін, энергетикалық қондырғыларда және т.б мақсаттарда қолданылады. <ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздерru:Термальная вода