Тержуман-и ахуал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Тержуман-и ахуал» (басылым) – өз кезеңінде кеңінен танымал болған түрік газеті. Басылым 1860 жылдың 21 қазанында алғаш жарық көрген. Газет шыға бастаған күн, яғни 21 қазан Түркияда журналистер күні ретінде аталып өтіледі. Газеттің өзіндік бет-бейнесін қалыптастыруға түріктің ұлы жазушысы, ағартушысы Ибрахим Шинаси зор үлес қосқан. Газет либералдық идеяны қолдады. Автор өз мақалаларында сөз бостандығын талап етті. Экономика мәселесіне кеңінен тоқталып, батыс баспасөзінен аудармалар беріп отырған. Газеттің негізін қалаған Агах әпенді. Газет түрік журналистикасының дамуына жол ашты. <ref>Рамазан А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}