Терең карьер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Терең карьер — жобалау тереңдігі 250—300 м және одан жоғары болатын карьерлер. Терең карьерлер мынандай белгілерімен сипатталады:
- кен орнын кешенді игеру;
- аралас тәсілдермен ашу;
- аралас тасымалдау схемаларын қолдану;
- өндірістік қуатының жоғары болуы; (пайдалы қазындылар бойынша жылына 15—20 млн. тоннадан жоғары, ал тау жыныстары массасы бойынша жылына 50—60 млн. л3; едәуір ұзақ мерзімде жұмыс істеуі — 40—50 жылдан астам).<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала