Тереңсулы мұхиттық науа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тереңсулы мұхиттық науа – мұхиттардың континенттерге жапсарласу өңірінде түзу бағытта немесе сәл-пәл иіле сағаланатын мейілінше ұзын да енсіз ойыстар – аралық иіндер жүйесі деп аталатын жалпыпланеталық құрылымдар жиынтығының басты бөліктерінің бірі. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>

Тереңсулы мұхиттық науалардың тереңдігі 5–11 км аралығында, ұзындығы 2000–4000 км, ені ондаған километр. Көлденең қимасының сырт пішіні V әрпін еске салатын тереңсулы мұхиттық науа баурайлары өте тік бағытталған.

Тереңсулы мұхиттық науалар жүйесі негізінен Тынық мұхит жағалауларында және Үнді мұхитының кейбір аудандарында ұшырасады; Атлант мұхитының континенттермен жапсарласу өңірінде мұндай құрылымдар жүйесі мүлдем дамымаған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}