Теректің сыйы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, б у ы р қа н ы п ...»)- М. Ю. Лермонтовтың «Дары Терека» атты өлеңінің 1898 жылы Абай тәржімелеген туындысы. Орысша түпнұсқасы 76 жол, қазақшасы 38 жол. Абай өлеңді еркін аударған, алайда жалпы мағынасын, көркемдік құнын қазақ оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізген. Кезінде В.Г.Белинский айтқандай, Кавказды мадақтау - Терек өзені мен Каспий теңізі бейнелері арқылы әсем жер аймағын оқырман көз алдына елестету. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен өзеннің сыйына селт етпейді, үн шығармайды. Тек артынан «казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем» дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады. Лермонтов өлеңдерінде нақтылы, табиғат суреті мен көркемдік қиял осылай әдемі ұштасып келеді десек, Абай соның бәрін өзіндік бояуын сақтай отырып, әсерлі етіп қазақша айтып жеткізген. Ап, жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар. Көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: <poem> «Арыстанның жалындай бұйра толқын Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып», </poem> - деп келетін тармақтар. Бірақ, осындағы «айдаһардай бүктеліп» дегенін еркіндікке жатқызсақ та, «арыстанның жалындай» дегені Лермонтовтың басқа бір шығармасындағы: «И Терек, прыгая как львица, С косматой гривой на хребте», - деп келетін сөздермен үндес екені байқалады және жал - аңдар арасында арыстанда ғана болатынын Абай дұрыс ескерген («львица» деп жаңылыс айтылған ғой). Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы С.- Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1909, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 3-шумақтың 2-жолы «Бұлттың сүтін ішіп ержеткенмін» делінсе, 1957, 1977жылғы жинақтарда бұл жол 1933 жылғы басылым негізінде және орысша түпнұсқасына сүйеніп («Вскормлен грудью облаков») «Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін» болып алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1907, 1910 және 1909 жылғы жинақта 7-шумақтың 5-жолы «Қартаң Каспий қалтиған бойымен» деп берілсе, кейінгі басылымдарда Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасы бойынша «Қартаң Каспий қалғыған бойыменен» түрінде қабылданған. 1933, 1945 жылғы жинақтарда соңғы шумақтың ақырғы жолы «Қатынды алды, қытықсыз араласты», 1954, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол 1909 жылғы басылым негізінде «Қатынды алды, қитықсыз арласты» ретінде түзілетін.

Абай«Теректің сыйы»өлеңіне ән шығарған. Ән ақын әндерінің ішінде сирек айтылады. Тек 1984 жылы М. Мұхамеджанованың айтуы бойынша музыка зерттеушісі Қ.Жүзбасов нотаға түсірген. Ән музыкасы қара өлең кестесінің 4+3+4, 3+4+4 буындар тіркесімен өрнектеліп, мелодиялық саз бен ырғақтың сипаты тақпаққа жақын музика речитативті, монументальды характерімен ерекшеленеді. Әнге тән бір ерекшелік: әуені өлең жолының сегіз тармағының негізінде қалыптасады. Батыл, жігерлі үнімен ән 3,4; 4,4; 3,4; 4,4; 3,4; 4,4; 3,4; 4,4; 3,4; 4,4; 3,4 муз. өлшемде айтылады. Өлең мазмұнына сай музыка характері шығарманың негізгі идеясын ашып, тыңдаушыға зор әсер етеді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Теректің сыйы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}