Темір уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темір уезі– 1869 ж. Орал облысында құрылған әкімш.-аумақтық бөлік. Уез 17 болыстан тұрды. 1887 жылғы санақ бойынша Т. у-нде 95071 адам, оның ішінде 94094 қазақтар тұрған. Тұрғындары көшпелі мал ш-мен, солт. жағы егіншілікпен айналысты.