Темір тигізген зардаптарды болжау ғажайыптары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аджаиб Әл-Мақдур Фи Нәуаиб Ахбар Тимур, “Темір тигізген зардаптарды болжау ғажайыптары” — тарихи шығарма. 1436 — 37 жылдары жазылған. Авторы — Әмір Темірдің жанындағы дамаскілік шежіреші ибн Арабшах (1450 ж.ө.). Еңбекте Орта Азия мен оған көршілес Шығыс елдерінде өткен оқиғалар (14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың басы) баяндалады. Шығармаға автордың Самарқанға келген сапарында (1401 — 1408 жылдары) замандастарынан естіген, Әмір Темір шапқыншылығына ұшыраған елдерге саяхаты кезінде (1408 — 22) өзі жинаған географиялық мәліметтер енгізілген. Оның ішінде Дешті Қыпшақ пен оның астанасы — Сарай қаласы, Алтын Орда мемлекеті, Шағатай әулеті кеңінен қолданған ұйғыр жазуы туралы деректер, әдебиет пен өнер адамдарына, ел билеуші ақсүйектерге берген сипаттамалар т.б. қызықты мәліметтер бар. <ref>“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала