Темір тапшылықты анемия
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Темір тапшылықты анемия - темірдің организмге түсуі мен пайдаланылуы және организмнен сыртқа шығарылуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде организмде оның жеткіліксіздігінен дамитын анемия.
Этиологиясы
Теміртапшылықты анемияның даму себебеі болып мыналар есептеледі:
- Қайта-қайта және ұзақ қансыраулардан (жиі жатырдан, кейде ас қорыту ағзаларынан, бүйректен, өкпеден) нәтижесінде эритроциттермен бірге организмнен темір көптеп шығарылуы;
- Темірдің тағаммен бірге жеткіліксіз түсуі (балаларды сиыр және ешкі сүттерімен тамақтандырғанда);
- Организмнің өсуі, жетілуі кездерінде, әйелдердің жүкті және бала емізу кездерінде темірге артық мұқтаждығы пайда болуы;
- Асқорыту ағзаларының аурулары (гипоадті гастрит, созылмалы энтерит) кездерінде немесе олардың бөліктерін хирургиялық тәсілмен алып тастағанда темірдің сіңірілуінің төмендеуі;
- Темірдің тасымалдануы бұзылуы (тұқым қуатын антрансферринемия бауыр аурулары кезіндегі гипотрансферринимия);
- Темірдің қорларынан жеткіліксіз пайдаланылуы (жұқпалы уыттанулар, құрттар болған кездерде);
- Темірдің қорларына жиналуы бұзылуы (гепатиттік бауыр циррозы)