Темір Жәнтекеұлы Масин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темір Жәнтекеұлы Масин (1907 жыл, Бөкей Орда ауданы - 1947 жыл, Орал қаласы) - Кеңес Одағының батыры (1945 жыл 24 наурыз).

Еңбек жолы

Мұғалім, мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, МТС бастығының саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болған. Темір Масин соғыстан кейін Қазақстан КП Тайпақ ауданы комитетінің 2-ші хатшысы қызметін атқарды.

Ұлы Отан соғысына қатысуы

Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың шілдесінде шақырылып, 1-Беларусь майданы 3-армия құрамында шайқасқа қатысты. Темір Масин Ұлы Отан соғысына қатысып, қатардағы жауынгерден майор шеніне дейін жеткен, рота командирі болған. 1944 жылы 1 шілдеде Могилев-Минск тас жолын жаудан қорғаудағы ерлігі үшін капитан Масинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0 </ref>

Темір Масиннің қаза болуы

1947 жылы жазда Тайпақ ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде отқа күйіп, ауыр жараланған Темір Масин Орал қаласының ауруханасында қайтыс болды. Зираттың басына бюст-ескерткіш орнатылған. Авторы - мүсінші Ю.Баймұқашев. Ескерткіш арнайы тұғырға қондырылған, биіктігі - 2,25 м. Орал қаласындағы бір көшеге есімі берілген. Ақжайық ауданы,Базартөбе ауылына және Бөкей ордасы ауданының Бөрлі ауылында бюст койылып, Бөкей ордасы ауданы,Хан ордасы атындағы орта мектепте мемориалдық тақта орнатылған. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:References