Темірбетонмен қаптау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Темірбетонмен қаптау — гидротехникалық құрылыстарды темірбетонмен қаптау арқылы судың сүзілуін кеміту тәсілі. Қапталынатын гидротехникалық құрылыстарға — канал, туннель, темірбетонды құбырлар, тезағар, өрлеу жеткізгіш каналдар жатады. Осы гидротехникалық құрылыстарды салу кезінде жасанды құрылыстарды да бетон, темірбетонмен (тезағар, науа, дюкер) қаптайды. Аталған гидротехникалық құрылыстарды қаптау тәсілі — құрылыстың табаны мен жақтауларын арнайы жасалған темірбетонды тақталарды бір-біріне жанастырып, жіктерін су өткізбес битуммен кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>