Тельман Жанұзақов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тельман Жанұзақов (13.8. 1935, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы - 12.9.1978, Алматы) - жазушы, аудармашы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Өмірбаяны
- 1957 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
- Еңбек жолын 1956 жылы "Лениншіл жас" (қаз. "Жас Алаш") газетінің әдеби қызметкері болып бастаған. Осы газетте бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары міндеттерін атқарды.
- 1967-1971 жылдары КОКП-нің органы — "Правда" газетінің Қазақстандағы тілшісі,
- 1972-1974 жылдары екі тілде шығатын "Ара" журналының бас редакторы
- 1974 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін "Қазақфильм" киностудиясы директорының орынбасары, директоры, Қазақстан Кинематограф одағының екінші хатшысы болды.
Шығармашылығы
Аудармалары
- Швейцар жазушысы Ф.Дюрематтың "Сот пен жендет" повесін
- Америка жазушысы Ф.Купердің "Могиканның соңғы тұяғы"
- Толстойдың "Инженер Гариннің гиперболоиды" романдарын қазақ тіліне аударды.
Өз шығармалары
- "Ради жизни на земле"
- "Олимпийский факель"
- "Азаматтар" атты кітаптары жарық көрді.
Құрмет
- Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы орта мектепке есімі берілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>