Телофаза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Телофаза (грекше telos – соңы, соңғы және phases – фаза, кезең) <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>–аналық жасушадан екі жас жасуша түзілетін митоздың соңғы фазасы. Телофазада жасушаның қарамауылықарсы өрістеріне ажыраған хромосомалар ісініп, көлемі ұлғаяды. Олар таралып, ұзын жіпшелерге айналады. Хромосомалардың айналасындағы мембраналы көпіршіктерден ядро қабықшасы (кариолемма) түзіледі. Клетка аймағында РНҚ және белоктардың мөлшері көбейіп, ядрошық пайда болады. Телофаза кезінде митоздық аппарат біртіндеп ыдырайды. Жас жасушалар ядролары түзілгеннен кейін аналық жасушаның цитоплазмасы екіге бөлініп, тең екі жасуша пайда болады. Мұнда хромосомалар саны диплоидты (2n). Ал жыныс жасушалары екі бөлінуден тұратындағыықтан (қаласы Мейоз.) Телофаза процесі де телофаза I және телофаза II кезеңдерінен тұрады. Мейоздың екі бөлінуінен кейін гаплоидты хромосома саны бар (n) жаңа төрт жасуша пайда болады. Телофаза кезеңінің әр жасушадағы ұзақтығы 1,5 мин-тан 400 мин-қа дейін созылады. <ref>Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub