Теллуридтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теллуридтертеллурсутектің тұздары саналатын, теллур элементінің металдармен қосылыстары ретіндегі минералдар класы. Оның құрамына 30-дан астам минерал кіреді. Мұнда теллур көптеген элементтермен (Au, Ag, Cu, Hg, Nі, Fe, Pb, Bі, As, Sb, S, O) қосылыстар түзеді. Теллуридтерге координациялық, оқшау, қабатты құрылымдар тән және коваленттік, металдық байланыстармен сипатталған. Жоғарғы (көпшілігі), ортаңғы, төменгі сингонияларда кристалданып, сульфидтер құ-рамында ұсақ түйірлі агрегаттар түрінде кездеседі. Металл сияқты жылтыр, қаттылығы Мосс шкаласы бойынша 1,5 – 3,5, тығыздығы 6,0 – 9,4 г/см3. Гидротермалдық жолмен түзіліп, кейде магмалық жолмен жаралған сульфидті мыс-никель кендерінде, қорымдарда, сульфидті кендердің тотығу белдемдерінде де кездеседі. Теллуридтердің мол шоғырланған жерлерінде олардан Au, Ag, Bі, Te алынады. Теллуридтер Кенді Алтайдың полиметалл, Солтүстік Қазақстанның алтын кендерінде кездеседі. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Теллуридтер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}