Тележүйе
Тележүйе – СВЧ линиясы мен қоссымды кабель арқылы бір-бірімен жалғасқан телевизиялық қабылдау-беру станциясы.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>
Тележүйе арқылы бір жүйеге байланысқан хабар тарату кешенінен жарнамалық хабарлама мен бағдарламалар тиімді таралып отырады. Аса ірі американдық ұлттық тележүйелердің әрқайсысы 200-дей телестанциямен байланыс орнатқан. Олар елдің аумағына түгелдей хабар таратады. Телестанциялардың көпшілігі екі жылға келісілген шарт бойынша, келісім негізінде жүйелік бағдарламалар таратады. Тележүйелердің бағдарламасын таратуға уақыт бөлгені үшін, станция олардан өтем алады. Бұл оларға бағдарламаны сатып немесе жасағаннан гөрі, әлдеқайда тиімді. Тележүйелер хабар таратушы станцияларға өтем ретінде жарнама кірісінің 10-12 пайызын аударады. Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5
Дереккөздер
<references/>