Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы» (кітап) – журналистика терминдеріне анықтама беретін анықтамалық сөздік. <ref>ISBN 9965-09-033-5 Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. </ref>

Кітапты журналистика факультетінде қаншама жылдар бойы журналист мамандарын даярлауда үлкен еңбек сіңірген, тележурналистика саласындағы дарынды ұстаздар Құдайберген Тұрсын мен Жарылқасын Нұсқабайұлы бірлесіп жазып шығарған. Кітап авторлары өз еңбектерінде журналистика саласындағы қанша жылғы тәжірибелері мен біліктіліктерін пайдалана отырып журналистика терминдерін қазақшаға аударған. Сондай-ақ олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып анықтама берген. Кітап осы саладағы қазақ тіліндегі тұңғыш анықтамалық-сөздік болып табылады. Ол көпшілік оқырманға, теледидар саласындағы журналистер мен техникалық мамандарға, студенттерге арналған.

Дереккөздер

<references/> 
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}