Теледидарлық антенналары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теледидарлық антенналар. Қалаларда Теледидарлық сигналдарды қабылдау, негізінен, Теледидарлық коллективтік қабылдау жүйесінің көмегімен, көбінесе коллективтік антенналар деп аталатын сыртқа қойылатын антенналар арқылы іске асырылады.

Қалаларда ғимараттардың шатырлары мен балкондарына жеке адамдардың антенналар орнатуына заң жүзінде тыйым салынған. Ортақ антенналық қондырғыдағы бір немесе бірнеше сырт антенналардан құралатын Теледидарлық-коллективтік қабылдау жүйесі (ТКҚЖ) сол аймаққа арнал хабар тарататын барлық телеорталықтардың сигналдарын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Қабылдау антеннасына ТКҚЖ-нің кабельдік таратқыш желісі қосылады, ол әр қабаттағы абоненттік тарату құрылғыларын жоғарыдан төмен қарай жалғастыратын коаксиал кабельден тұрады. Тарату құрылғыларына экрандалған кабель арқылы ТКҚЖ-ндегі абоненттердің телевизорлары қосыл ады. Қажет болған кезде ғи-мараттардағы мұндай тарату жүйесіндегі әл-сіреген Теледидарлық сигналдарды қалпына келтіру үшін оған бір немесе бірнеше күшейткіш қосылады. Абонент саны 100-ден аспайтын жерлерде (көп қабатты ғимараттың әр подьезіне коллективтік бір антенна) ТКҚЖ көбірек қолданылады.

ТКҚЖ — Теледидарлық қабылдауды барынша сапалы әрі тиімді ұйымдастыратын жүйе. Бұл жүйе өз абоненттерінің ақ-қара және түрлі түсті Теледидарлық программаларды жақсы сапамен қабылдауын қамтамасыз етуімен қатар өте сенімді де. Жеке антенналардың орнына мұндай жүйені пайдалану еңбекті аз жұмсал, материалды көбірек үнемдеуге мүмкіндік береді.

Абоненттерді жақын жердегі Теледидарлық ательенің радиомеханигі алдын — ала берілген өтініш (заавка) бойынша ТКҚЖ-не қоса-ды. ТКҚЖ-н жөндеуді және.күтуді Халық тұрмыс қажетін өтеу министрлігінің радио-теледидарлық кәсіпорындары іске асырады. Қала жағдайында Теледидарлық сигналдарды қабылдау үшін бөлме антенналары да пайдаланылады.

Бөлме антенналарының көптеген түрлері шығарылады. Бірақ бұл антенналәрмен қабылдау әрқашан көңілдегідей бола бермейді. Кескін айқын емес, көп контурлы болып көрінеді. Кейбір жағдайларда ғимараттардың үстіңгі қабаттарында, терезелері телеорталық жаққа қарай шыққан бөлмелерде, сонымен қатар телеорталықтан онша қашық емес (20—30 км) ағаш үйлерде бөлме антеннасының қабылдау сапасы жақсы болады.

Селолық жерлерде Теледидарлық сигналдарды жеке сырт антенналар арқылы қабылдау тиімді. 1-суретте неғұрлым көбірек пайдаланылатын жеке қабылдау антеннала-рының жасалу схемалары көрсетілген. Оның еңқарапайымы — жарты толқынды вибратор. Төмен түсетін кабелі антеннаға симметриалаушы қысқаша тұйықталған ширек толқынды шлейф арқылы жалғасады.

Вибратор мен шлейфтің өлшемдері сигнал қабылданатын каналға сәйкес таңдалады. Жарты толқынды вибратор бір каналды антенна болып есептеледі.

ТАЙ-12 диапазонды антенна кен ауқымды вибратор болып табылады. Бұл антенна Теледидарлық барлық 12 каналдын метрлік диапазонындағы толқындардың сигналдарын қабылдай алады.

Ирек (зигзаг) антенна арзан материалдарданағаш планка, шеге және сым темірден жасалады, сол себепті бұл антеннаны көбінесе радиоәуесқойлар пайдаланады.

Мұны екі түрлі етіп жасауға болады:

  • 1-түрі 1—5-каналдарға арналған
  • 2-түрі 6—12-каналдарға арналған.

Төмен түсетін кабелі бұл антенналарға «симетриялы» қосымша құрылғысы жалғанады. Рефлектор ретінде металл тор орнатып, антеннаның бағытталу әсерін жақсарта түсуге болады.

Рамалы антеннаның құрылысы барынша қарапайым және бұл бір-екі Теледидарлық каналды қабылдауға арналған; қажет бағытқа жақсы бағыттала алады. Толқындардың метрлік дианазонындағы Теледидарлық программаларды жеке қабылдауға арналған ең жақсы антенна — ИТА—12 антеннасы. Бұл антенна Теледидарлық 12 каналдың барлығын қабылдай алады және оңай бағытталғыштығымен ерекшеленеді. Қабылдау бағытына қарама-қарсы келетін бөгеуілдік сигналдар лианазонды активті рефлектор арқылы жойылады.

ИТА—12 антеннасы отандық өнеркәсібіміз жеке қабылдау мақсатында шығаратын антеннаның негізгі түрі болып табылады. Бұл антеннаның соңғы бір түрінің (товарлық атауы «Волна») электр өрісінің тік бағытталған кернеулік векторын (тік бағыт бойынша полярланған) қабылдау мүмкіншілігі бар. «Толқын каналы» түріндегі антенна Теледидарлық қабылдауда өте көп пайдаланылады.

Бұл антенна активті вибратордан (тұзақ тәрізді немесе түзу), рефлектордан және бір немесе бірнеше директордан тұрады. Антеннаның жеке бөліктері (элементтері) және бұлар ұстатылып бекітілетін жебе көпшілік жағдайларда алюминий түтіктерден жасалады.

Жеке бөліктерінің санына және бұлардың өзара орналасу қалпына байланысты «толқын каналы» антеннасының сипаттамалары түрлі-түрлі болады: антенналар

  • а) бір каналды (халыққа сату үшін отандық өнеркәсібіміз бұл антеннаны осы вариангта шығарады);
  • ә) Теледидарлық екі-үш каналды қабылдауға арналған;
  • б) диапазонды, мысалы 6—12 каналдарды және дециметрлік диапазондағы толқындардың 21—41 каналдарын қабылдауға арналып шығарылады.

Бұл антенна жақсы бағытталады, ал оның күшейту коэффициенті үлкен мәнге жете алады (жеке бөліктерінің санына сәйкес). Түрлі түсті телевизияның сигналдарын қабылдауға арналған арнайы антенналар шы-ғарылмайды. Өнеркәсібіміз шығаратын ТКҚЖ-не және жеке қабылдауға арналған антенналар ақ-қара және түрлі түсті телевизия сигналдарын қабылдауға да жарайды.

Қандай ангеннаны болмасын түрлі түсті кескін сигналын қабылдауға пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін бұл сигналдарды айнытпай қабылдау антенналардың жиілік-тік сипаттамасының бір қалыпты болуын талап ететіндігін ескерген жөн. Радиоәуесқойлар жасаған антенналар әдетте бұл талаптан шыға бермейді. Түрлі түсті Теледидарлық кескін сигналдарының жұмыстың алқабында антенналардың жеке бөліктердің өлшемдері тұрақты болады, түрлі түсті кескінді бұзбай көрсету үшін сигналдық деңгейі ақ-қара кескін шығарудағыдан едәуір (2—3 есе) жоғары болуы қажет. Антеннаның күшейту коэффициенттің мәндері өте үлкен болған кезде бұл талапты орындауға болады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Теледидарлық антенналары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}