Тектұрмас күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Finally!.jpg
Тектұрмас күмбезі

Тектұрмас күмбезісәулет өнері ескерткіші. Орта ғасырдың басындағы көне қаланың орнында – Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қызыларық ауылының маңындағы Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар (күмбез) 14 ғасырда салынған. Тектұрмас күмбезі түгелдей қираған, тек 19 ғасырдың 80-жылдарында түсірілген фотосурет бойынша ғана белгілі. Күмбезді мазар Сұлтан Махмұт ханның бейітіне орнатылған, астыңғы жағы төртбұрышты, жоғары жағы күмбезді, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Есігі батысқа – Тараз шаһарына қаратылып, құрылыстың бұрышаруашылығыбұрыштарына қабыстыра сәнді бағаналар қойылғаны, қабырғалары сылақпен сыланғаны байқалады. Тектұрмас күмбезінде 19 ғасырдың 2-жартысында В.А. Каллаур, ал 1939 – 1940 жылы Г.И. Пацевич зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1986 жылы мазар маңы қоршалып, тиісті атауы жазылған ескерткішаруашылығытақта қойылды, ал 2002 жылы кәсіпкер А.Момышев жеке қаржысымен Тектұрмас күмбезін қайта жаңғыртып тұрғызды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тектұрмас күмбезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}