Тегістік (бекініс)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тегістік – бекіністі мекен. 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Тегістік ауылының аумағында, Талас өзенінің сол жағында орналасқан.

Сипаты

Сырты дуалмен қоршалған, қатар жатқан үш орыннан тұрады. Біріншісі қисық төртбұрышты, ауданы 271*259 м²; екіншісі трапеция тәрізді, ауданы 80*83 м², үш бұрышында мұнараның қалдықтары сақталған. Үшіншісі тік төртбұрышты, ауданы 85*85 м². Мұның да үш бұрышында мұнараның қалдықтары сақталған. Қазбадан табылған заттарға қарағанда Тегістік 8 – 12 ғасырларда өмір сүрген тайпалардың мекені болған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер