Театр маскалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Театр маскалары – актерлердің театр ойын-сауығында пайдаланатын бет пердесі. Алғаш рет театр маскалары Ежелгі Грекияда пайда болды. Ол алып амфитеатрларда отырған мыңдаған көрермендер алдында ойын көрсететін орындаушылардың рөлге байланысты бет-әлпет құбылысын айқынырақ жеткізу мақсатымен (мысалы, актерлер киетін масканың бір жағы қайғылы, ал екінші жағы қуанышты адамның бет-әлпетін бейнелеген) қолданылған. Театр маскаларының ішкі жағында актерлер даусын күшейтіп отыратын арнаулы тетігі болған. Рим театрында театр маскалары көбіне ателлана секілді халықтың импровизац. ойын-сауығында бой көрсетті. Ежелгі орыс және ортағасырлық Еуропада маскаларды скоморохтар мен гистриондар, ал 16 – 18 ғасырларда италияның дель арте комедиясындағы күлдіргі кейіпкерлер бейнесін жасаушылар пайдаланды. Театр маскалары ішінара 20 ғасырдың ортасындағы театрда да (мысалы, “Берлинер ансамбль” театрында қойылған Б.БрехттіңКавказдың борлы айналымы” спектаклінде) бой көрсетті. Театр маскалары Азия халықтарының (Жапонияның но театры, Индонезияның топенг театры, Үндістанның раслила және рамлила халық ойын-сауығы) дәстүрлі театрында кең өріс алды. 20 – 21 ғасырлар театрында негізінен театр маскалары іспетті грим де (мысалы, жапонның кабуки, үндінің катакхали ойын-сауығы) қолданылады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}