Театрлық маскалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Театрлық маскалар - актерлердің театр ойын-сауығында пайдаланатын бет иер десі. Алғаш рет Театрлық маскалар Ежелгі Грекияда пайда болды. Ол алып амфитеатрларда отырған мыңдаған көрермендер алдында ойын көрсететін орындаушылардың роліне байланысты бет-әлпет құбылысын айқынырақ жеткізу мақсатымен (мыс., актерлер киетін масканың бір жағы қайғылы, ал екінші жағы куанышты адамның бетәлпетін бейнелеген) пайдаланылды. Театрлық маскалардың ішкі жағында актерлер дауысын күшейтіп отыратын арнаулы тетігі болған. Рим театрында Театрлық маскалар көбіне ателлана секілді халықтың нмпровизациялық ойын-сауығында бой көрсетті. Ежелгі орыс және орта ғасырлық Еуропада маскаларлы Скоморохтар мен гистриондар, ал 16 - 18 ғ-ларда итальянның дель арте комедиясындағы күлдіргі кейіпкерлер бейнесін жасаушылар пайдаланды. Театрлық маскалар ішінара қазіргі театрда да (мыс., "Берлинер ансамбль" театрында қойылған Б.Брехтің "Кавказдың борлы айналымы" спектаклінде) кездеседі. Театрлық маскалар Азия халықтарының (Жапонияның но театры, Индөнезияның топенг театры, Үндістанның раслила және рамлила халық ойын-сауығы) дөстүрлі театрында кең өріс алды. 20 ғ. театрында, негізінен, маска іспетті грим (Жапонияның қабуки, Үндістанның қатакхалн ойын-сауығы) қолданылады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}