Таңат Өмірзақұлы Сағындықов
1955 жылы 14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Қарағаш ауылында туған. Қазақ.
Қазақ мемлекеттік денө шынықтыру институтының спорттық факультетін бітірген (1976), грек-рим күресінен жатықтырушы.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1976 жылдан - Алматы қаласы Республикалық жалпы білім беретін спорттық кәсіптік мектеп-интернатында грек-рим күресінен жаттықтырушы. 2006 жылдан - грек-рим күресінен ҚР Ұлттық командасының бас жаттықтырушысы.
2009 жылдан бері - БСМ директоры (Алматы қаласы).
Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының 2 мәрте жүлдегері Дәулет Тұрлыхановты; Еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Байсейітов Бахтиярды; 2 мәрте әлем чемпионы Әсембеков Марғұланды; халықаралық санаттағы спорт шебері, КСРО Халықтары спартакиадасының чемпионы Батырғалин Есенгелдіні; Әлем кубогының иегері, Еуропа Чемпионатының жүлдегөрі Каучева Айвазаны тәрбиелеген.
Грек-рим күресінен ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1986). КСРО дене тәрбиесінің озаты (1984).
ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2008).
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Үйленген. Жұбайы - Үсенова Гүлмира, ҚР Спорт колледжінің директор орынбасары. Қызы - Индира (1981 жылы туған); ұлы - Дархан (1985 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>