Таңатар Етекбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Таңатар Етекбайұлы - батыр, Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысып, Үбі жасағының құрамында соғысқан.

Өмірбаяны

Тегі - беріш руынан. Таңатар Етекбайұлы 1837 жылы 27 қарашада Елекен моласы жанында Исатай мен Махамбет өміріне қауіп төндірген Истомин тобының шолғыншысы Бейіс Құрманқұлұлын найзамен жарып өлтірген. Осы күні Махамбетті қуғыншылардан құтқару үшін қаша жүріп ұрыс салған сәтте аты мертігіп, өзі қолға түседі. Одан кейінгі құжаттарда Таңатардың есімі ұшыраспайды, сірә, ашынған қуғыншы топ оны қолға түскен бойда өлтірген болса керек. <ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References