Тақуалық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тақуалық-адамның діни, адамгершілік, әдептілік парыздары мен міндетгеріне адалдығын сипаттайтын имандылық қасиеті.

Тақуалық адамның ішкі сенімі мен соған лайық амалының, сөзі мен ісінің, ғибраты мен әрекеттің арасындағы үйлесімділікпен жүзеге асады. Сондықтан адамның сырт келбеті, діни-ғұрыптық киімі немесе шешен сөзі ол адамның тарапынан соған лайық іс атқармайынша Тақуалықтың көрсеткіші бола алмайды. Шын мәніндегі адамгершілікпен сипатгалатьш Тақуалыққа жетудің қиындығы да осында. Ішкі сенімнен қуат алған Тақуалық адам бойындағы тұрақтылық, табандылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттерінің нығаюына игі ықпал етеді. Ал адам өзін тақуа қылып көрсетуді ғана мақсат етіп, сыртқы түрін түзетсе, оның Тақуалықғы - риякерлікке, сөзі - жалғандыққа, әрекеті - көзбояушылыққа айналады. Діни көзқараста егер адамның Тақуалықғы ішкі сенімнен басталмай, әрекеті адамдық ар-үжданмен үйлеспесе, ол адамның жасаған ғибадат-құлшылығынан да еш пайда жоқ деп біледі.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>