Ташкент хандығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақстан тарихы Үлгі:Тарихи мемлекеттер

Ташкент хандығыОрта Азиядағы ортағасырлық қазақ мемлекеті. Хандықтың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

  • Бұхар хандығы құрамында.
  • Қазақ хандығының вассалы.
  • Тұрсын Мұхаммед ханның тәуелсіз билігі.

Хандықтың құлдырау себебі

Тұрсын Мұхаммед хан (Жалым сұлтанның ұлы) - өзінің жеңімпаз соғыстарынан кейін өзін хан жариялады да, өз атынан теңге соқтырды. Ол Есім ханға екі рет адал болуға серт берген. Оның ең басты серігі айбынды қатаған руы болды. Қаны бір халықтың арасында қантөгіс болғанын қаламаған Есім хан Тұрсын Мұхаммедті тең дәрежелі билеуші ретінде мойындады. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанды. Иеліктерін кеңейтуді көздеген Тұрсын хан Есімнің ордасы орналасқан Түркістан қамалын басып алды. Есім ханның отбасын тұтқындады. Шешуші шайқас Ташкент төңірегінде болып өтті. Тұрсын хан жеңіліс тапты. Есім хан қатаған руын бүтіндей қырғынға ұшыратты. Қалған қатағандардың бірі өзбектердің, бірі ұйғырлардың және бір бөлігі қазақтардың құрамына шанышқылы деген атпен кірді. Тұрсын ханның бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деген атпен қалды. Мұхамеджан Тынышпаев «Қазақтар XVII және XVIII ғасырларда» атты еңбегінде былай дейді: Үлгі:Дәйексөз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер