Тау жыныстарының радиоактивтілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тау жыныстарының радиоактивтілігі. Тау жыныстарының радиоактивті элементтерді — уранды, торийді және олардың ыдырау нәтижелері калий мен рубидийді кіріктіруі; қалған элементтердің нақты радиоактивтілігі мыңдаған — миллиондаған есе аз.<ref name=s1>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref> Тау жыныстарының радиоактивтілігіне қатысты жалпы зандылық: магмалық таужыныстардың радиоактивтілігі оның қышқылдығы мен сілтілігі өскен сайын арта түседі, яғни қышқыл да сілтілі магмалық таужыныстар құрамындағы радиоактивті элементтер мөлшері негізді және ультранегізді магмалық таужыныстардың осы көрсеткішімен салыстырғанда жүз есе, тіпті мың есе көп.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}