Тауынсор мемлекеттік қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қорық аймақ Тауынсор мемлекеттік қорықшасы — 10 жылға арналып, 1974 жылы құрылған. Облыстық мәні зор болып табылады. Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Оркашев астық совхозының 55 мың га жерін алып жатыр. Жерінің жартысынан көбі Теңіз, Алакөл, Қайыңды және т.б көлдерден тұрады.

Қорықшаның флорасы мен фаунасы

Мұнда ондаған мың су құстары бар. Атапөтсек, сұр қаз, ақбас қаз, қасқалдақ, үйрек, балықшы деген құстар қорықша үстінен өтіп ұшып бара жатып, уақытша қоныс қылады. Бұлардың ішінде жемсауы қызыл қарашақаз, сұңқылдақ аққу деген бірқатар құстар Қазақстан Қызыл кітабына енізілген. Қорықшада сондай ақ жабайы щощқа, қоян, ондата, күзен, қарсақ, түлкі тіршілік етеді. Аң құсты қорғаумен қатар, мұнда оларды есепке алу, су құстарына арнап қолдан ұя соғу, жыртқыштарды жою сияқты қосымша жұмыстар атқарылған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер