Таушайырлық талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Таушайырлық талдау - Тау жыныстарындағы шашыранды органикалық заттардың (ШОЗ) топтық құрамын анықтау мүддесін көздейтін лабораториялық (физикалық-химиялық) әдістер кешені.

Әдейі жасаңталған сұлбаға сәйкес жүргізіледі. Зерттеудің мақсатына байланысты анықталған заттардың әрбір жекелеген тобын саралау (А және С тобындағы таушайыр тектестері, гумин қышқылдары және кероген), жалпылама Таушайырлық талдау кешеніне кірмейтін арнаулы физикалық және химиялық зерттеу әдістерінің үлкен жиынтығы көмегімен жүзеге асырылады.

Соңғыларының қатарына жататындар — химиялық, көмірпетрографиялық зерттеулер, инфрақызыл және аса-күлгін спектрометрия, хроматография, т.б. Кейбір жағдайда тау жынысы құрамынан аталған заттар тобына кірмейтін түрбөлшектер (компонент), мәселен, тау жынысымен сорылып алынған газдар мен көмірсутектердің қиын қайнайтын фракциялары әдейі бөлініп алынып жеке зерттелуі мүмкін.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Таушайырлық талдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}