Тауман Амандосов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тауман Амандосов (5.11. 1921. Гурьев облысы Балықшы ауданы Кенозек ауылы - 7.7.1991. Алматы) - журналист, ғалым.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. ҚазМУ-ді бітірген (1950). Еңбек жолын 1942 жылы облыстық "Социалистік құрылыс" газетінде әдеби қызметкерден бастаған.

ҚазМУ- бітірген соң университте жұмыс істеуге қалдырылады. 1952- 54 жылдары университтің сырттай оқу бөлімі бойынша проректоры; 1955 жылы деканның орынбасары; 1959 жылы филология факультетінің деканы.

1966-71 жылдары журналистика факультетінің деканы. 1969 жылы телевидение және радио кафедрасын, 1976 жылы15 жыл бойы журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасын басқарды.

1955 жылы кандидаттық 1982 жылы докторлық диссертация қорғады. 1971 жылы Қазақстанда алғашқылардын бірі болып, профессор ғылыми атағын иеленді. Амандосов - қазақ публицистикасының теориясы мен практикасын алғаш зерттеген отандық ғалымдардын бірі. Көп жылғы еңбегі үшін Амандосов бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталған.

1982 жылы оған "Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. "Қазақ совет баспасөзінің жанрлары" (1968); "Советтік журналистиканың теориясы мен практикасы" (1978); Қазіргі қазақ публицистикасы" (1975) және т.б. оқулықтар мен оқу құралдары, монографиялардың авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}