Таужыныстардың жинауыштық (коллекторлық) қасиеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

тау жынысы құрамында судың болуы мен жиналуы оның жинауыштық қасиеттеріне, яғни суды және кез-келген басқа сұйық (мұнай) пен газды сыйыстыру, өзі арқылы өткізу қабілетіне байланысты. тау жынысытардың сыйыстырғыштық қабілеті, яғни сұйық немесе газ сыйыстыру қабілеті, олардың кеуектілігіне байланысты.Кеуектілік n деп кеуектердің жиынтық көлемінің Vк тау жынысытың жалпы көлеміне Vж қатынасын айтады. Ол процентпен өрнектеледі: n=(Vк /Vж )-100%. Сынықты тау жынысытың кеуектілігі оның түйірөлшемдік құрамына байланысты. Түйірөлшемдік қ9рам тау жынысытарды құрайтын бөлшектердің өлшемдері мен пішіні арқылы анықталады.Шөгінді тау жынысытардың, әсіресе құм пен құмайттың кеуектілігі, олардың өлшемі бойынша біркелкілігі мен жекелеген құм түйірлердің жұмырлығы артқан сайын жоғарылай береді. Керісінше,тау жынысытарды құрайтын бөлшектер өлшемі бойынша әркелкіленіп және нашар жұмырланған сайын, олардың кеуектілігі де төмендейді.тау жынысытағы кеуек кеңістіктің жаралуы оның қалыптасуы мен ары қарай даму ерекшеліктерімен анықталады . Осы процестерге байланысты бастапқы және туынды кеуектер ажыратылады.

Бастапқы кеуектер

тау жынысытың түзілу процесінде қалыптасады. Оларға мынадай кеуектер жатады: түйір аралық -шөгінді тау жынысытардың сынықтары арасындағьг; кристалл аралық -жіктілік жазықтықтары бойынша; биогендік текті - органикалық зат ыдыраганнан кейін пайда болғандар; қабат аралық - шөгінді тау жынысытардың қабатталу жазықтықтары арасындағы.

Туынды кеуектер

тау жынысықа түрлі факторлардың ықпал етуі нәтижесінде жаралады. Туынды кеуектер мынадай түрлерге бөлінеді: жарықшактық - тығыз тау жынысытардың тектоникалық қозғалыстарда уатылуы нәтижесінде пайда болады; эрозиялық - экзогендік мору процестері әрекетінен жаралады; шаймалану - еру және еріген минералдарды жерасты суы ағынының шайып әкетуінен пайда болады.Түрлі тау жынысытардың кеуектілігі де әртүрлі болып, оның моні 20-30 % және одан да асады. Жақсы іріктелген қүмның кеуектілігі 15-120 %, ал күрғақ саздың кейбір түрлестерінде тіпті 50 60%-тен асады.Бірақ тәжірибе көрсеткендей, кеуегі бар тау жынысытардың барлығы бірдей сүйықты немесе газды өткізе бермейді. Шын мәнінде, бір-бірімен қосылмайтын кеуектер тау жынысы кеуектілігін, яғни оның сүзілу қабілетін сипаттай алмайды. тау жынысытардың мұндай қабілеті өтімділік қасиетімен сипатталады.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> География

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}