Тауарих-И Гузида-Йи Нусратнама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тауарих-И Гузида-Йи Нусратнама (“Жеңіс кітабынан жинақталған жылнама”) – тарихи шығарма. Еңбектің авторы белгісіз. Шығарма 1502 – 1504 ж. жазылған. Еңбек автордың алғы сөзінен кейін оғыз, түркі-моңғол тайпалары, Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің тарихын баяндап, Шыңғыс әулетінің шежіресін (Шайбани, Тоқа Темір, Шағатайдан бастап шығарма жазылған мерзімге дейін) таратқан. Сондай-ақ Әбілхайыр ханға, Махмұд Баһадүр сұлтанға, Мұхаммед Шайбаниге, оның баласы Мұхаммед Темір сұлтанға арнайы тоқталған. Әмір Темір өмірінің тарихынан біраз мәліметтер бар.

Қазақ халқының тарихына қатысты тұстары Мұхаммед Шайбанидің өмірі мен Жошы хан ұрпақтарының генеологиясы айтылған бөлімдерде берілген. Шығарманы жазуға Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайнидің, Рашид әд-Диннің, Низам әд-Дин Шамидің, Абд әр-Раззақ Самарқандидің еңбектері пайдаланылған. “Тауарих-И Гузида-Йи Нусратнаманың” 2 нұсқасы Санкт-Петербургте (Ресей ғылым академиясының Шығыстану ин-ты), Лондонда (Британ мұражайында) сақтаулы. Оны зерттеуде А.М. Акрамов, қазақстандық С.К. Ибрагимов өз үлестерін қосқан.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}