Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимі (ағыл. customs treatment (regime) of goods renunciation to the benefit of the state; нем. Zollverfahren lies Staatnutzenabsage) - Тауарлардың қауіпсіздігі жөнімдегі талаптарды қоспағанда, шетелдік тауарлар кедендік төлемдерді, салықтарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан мемлекет меншігіне өтеусіз берілетін кедендік режим.

Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимі Кедендік кодекспен айқындалған тәртіппен және жағдайларда кедендік ресімдеумен аяқталады, бұл ретте кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін көрсетілген кедендік режимді өзгертуге жол берілмейді.

Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кедендік режимге орналастырылған тауарларды кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін мұңдай тауарлар мемлекеттік меншікке айналады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}