Татьяна Николаевна Хромова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Татьяна Николаевна Хромова 1980 жылы 26 ақпанда ӨзКСР Ташкент қаласында туған. Орыс. Әкесі - Хромов Николай Васильевич, қырнаушы. Анасы - Хромова Галина Борисовна, аспаз. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген (2004), оқытушы-жаттықтырушы. Ауыр атлетикадан көп мәрте ҚР чемпионы және рекордшысы; Азия Чемпионатының (Жапония, 2000), Әлем кубогының қола жүлдегөрі (Катар, 2002); Азия ойындарының қола жүлдегері (Пусан, 2002); ауыр атлетикадан 2 мәрте Азия чемпионы (Алматы, 2004; Талдықорған, 2009); 77 кг салмақ дәрежесіндегі (2004) әлем рекордшысы (жүлқа көтеруден 120 кг нәтижесімен). ҚР Президентінің Алғыс хаты табыс етілген. Әскери атағы - прапорщик. Діни көзқарасы - христиан. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, В.В. Путин. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - ≪Алға жылжу≫. Хоббиі - өлең жазады. Тұрмыс құрған. Жубайы - Журавлев Сергей Викторович (1984 ж. т.). Қызы - Журавлева Анастасия Сергеевна (2005 ж. т.). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub