Татьяна Васильченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Татьяна Васильченко - 1947 жылы 20 маусымда Алматы қаласында туған. 1970 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының физика факультетін тамамдаған.

Жетістіктері

Әр жылдарда Ұлттық Ғылым Академиясының Астрофизика институтында ғылыми қызметкер, «Қазэлектромонтаж» тресінде инженер, «Жазушы» баспасында корректор, «Арай-Заря» журналында бөлім меңгерушісі, «Доживем до понедельника» газетінде журналист, «Простор» журналында корректор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

Шығармалары

Ақынның «Солнце в окне», «Я мечтаю », « Зеленный иероглиф » сияқты жыр жинақтары жарық көрген. «Пусть всегда будет солнце», «Время вперед» ұжымдық жинақтарына өлеңдері енген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}