Тас байлану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тас байлану — бүйректе немесе қуықта «тас» деп аталатын минералды түзінділердің пайда болуы.

Белгілері

  • Бірінші белгісі арқаның төменгі жағы, бүйір, іштің төменгі бөлігі және еркек енінің түп жағының қатты түйіліп, шаншып ауыруы болып табылады.
  • Кейде несеп түтікшесі бітеліп, зәр шығуы қиындайды — тіпті кіші дәрет мүлдем жүрмей қалады. Бұдан басқа, зәр шыққанда оған қан түйіршіктері араласуы мүмкін.
  • Сырқат адам бұнымен қатар несеп жүйесі инфекциясымен де ауыруы мүмкін.

Емдеу жолдары

  1. Ауруды басатын (аспирин) немесе антиспазмалық дәрі-дірмектер де ішуге болады;
  2. Егер кіші дәретке барғанда зәр шықпаса, онда жатып шығарып керіңіз. мұндайда тас кейін қарай ығысып, несеп түтікшесі ашылуы мүмкін.
  • Ауру жанға батқан жағдайда дәрігерге қаралыңыз. Мұндайда хирургиялық көмек қажет болуы мүмкін.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}