Тас Моншақтағы Жазу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тас Моншақтағы ЖазуОңтүстік Қазақстан облысындағы Бөріжардан табылған моншақтағы таңба. Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы1968 ж. Бөріжардағы зиратқа зерттеу жүргізгенде бір тізбек моншақ табылған.

Тізбеде 32 моншақ бар: 7-уі кішірек қара моншақ, 7-уі ірілеу ақшыл моншақ, 17-сі қызыл күрең, сарғыш моншақ, біреуі төртбұрышты, аспан түсті көк моншақ. Басқа моншақтардан ірілеу, дөңгелек моншақтың бір шеті тегістеліп, көне түркі әліпбиі үлгісімен “ес сек үс” деген үш сөз жазылған.

Жазу 6 – 7 ғ-лардағы түркі халықтарының тілінен дерек береді. Жазудың қазақша мәні: ес (дос), сек (секір), үс (үз) – “дос секір үз”. Бұл түркі халықтарының ежелгі дәстүрінде, жігіт үйленерде қалаған қыздың есімін, құлағын тістеу немесе мойнындағы моншағын үзу әдетіне байланысты болса керек.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}