Тасымова Гүлнәр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тасымова Гүлнәр— 1961 жылы Алматыда туған.<ref>Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>. 1983 жылы Қазақ Педагогика институтының көркем-графика факультетін суретші-аварелист мамандығы бойынша бітірген. 1983 жылдан бастап Гүлнәр 40-тан аса аймақтық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, өзінің жеке 6 көрмесін ұйымдастырды. 1995 жылы Қазақстан Суретшілер Одағының жастар бірлестігінің мүшесі болды. 1998 жылы Қазақстан Суретшілер Одағына мүше болды. Гүлнәр шығармалары Қазақстан, Австрия, Австралия, Голландия, Германия, Израиль, Түркия, АҚШ елде- рінде жеке жинақтарда сақтаулы. 1997 жылдың қазанында Қазақстан атынан шығармашылық делегация құрамында Германияға барып Берлин және Флато қалаларында өзінің жеке көрмелерін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта Республикалық сурет колледжінде қызмет етеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}