Тасфир-и Ефкяр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Тасфир-и Ефкяр» (басылым) – 1862 жылы 28 маусымнан бастап шыға бастаған түрік басылым. Газеттің негізін түріктің ұлы жазушысы, публицист Ибрахим Шинаси қалаған-ды. Ол «Тержуман-и ахуал» газетінің негізін қалаушысы Агах әпендімен мақалаларының тақырыптары жөнінде араздасып қалғаннан соң өз бетінше газет шығару ісін қолға алады. Басылым әр алуан пікірлер мен ұсыныстарды жариялап отырған екінші газет болып есептеледі. Газет беттеріне түрік және шетел классиктерінің шығармаларынан аудармалар беріп отырған. Сол кезеңдерде Түркияда «Жаңа османдықтар қоғамы» дүниеге келіп, өз идеяларын осы газет арқылы жариялайды. Үкімет басындағы Али пашаны қатаң сынға алады. Көп ұзамай газет мемлекет тарапынан қуғынға ұшырап, Шинаси Парижге қашып кетеді.<ref>Рамазан А. Шетел журналистикасының тарихы: Оқулық. – Алматы: Қазақ Университеті, 2006 ж.</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}