Таснұсқалану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Таснұсқалану. Екі мағынасы бар.

  1. Болбыр шөгінділердің (тұнбалардың) қатты (тастақты) тау жыныстарына айналу яки қатаю процесі; шөгінді (тұнба) өзгерістерінің әр түрлі сатылары жағдайында жүзеге асады. Тұздардан, карбонаттардан, кремнеземнен тұратын яки оларды мол мөлшерде кіріктіретін шөгінділер сол шөгінділердің (тұнбалардың) әрбір қабаты түзілісімен-ақ қатая бастайды. Түйірлі және сазды шөгінділердің Т. процесі сәл кейінірек, яғни диагенез сатысының соңғы кезеңдерінде немесе қысым мен температураның біршама биік дәрежесімен сипатталатын катагенез барысында жүзеге асады. Таснұсқалану процесі әдетте шөгінді құрамындағы артық судың сығымдалуымен, коллойдтардың және химиялық (биохимиялык) жолмен тұнбаға түскен заттардың кристалдануымен, шөгінді қүнамбөліктері мен жымдастырушы материалдардың минералдық қүрамындағы өзгерістермен орайлас өтеді. Терминнің бұл мағынасындағы синонимі — "литификация" ("тастақтану").
  2. Таужыныстармен көмілген жәндіктер мен өсімдік мүрделеріне тән органикалық заттардың минералды заттарға айналуы, яғни организм қалдықтарының тапнұсқалану процесі. Терминнің бұл мағынасындағы синонимі - фосфилизация".<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}