Тасберіштер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құрамы мен пішіні тұрғысынан, немесе өзге де белгілері жағынан (мәселен, қаттылығы, яки беріктігі) қоршаған ортадан анық ерекшелене отырып, сол қоршаған ортаға тән кеибір құрамбөліктердің нақтылы нүктеде жинақтала "өсуі" нәтижесінде қалыптасатын аутигендік (хемогендік, немесе биохемогендік) минералдық құрамбөліктер шемені. Тасберіштердің сырт пішіні, мөлшері және бітім ерекшеліктері әртүрлі болып келеді. Алайда Тасберіштерге көбінесе жұмыр пішіндер (дөңгелек, сопақша, цилиндр пішінді, конус тұрғылас) тән. Тасберіштердің мм-ге де жетпейтін мөлшерден бастап (микротасберіштер), ондаған см-мен, тіпті м-мен өлшенетін мөлшеріне дейінгі аралықтағы түрлері ұшырасады. Синонимі - "сорындылар".<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}