Тасбағанды қаттау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тасбағанды қаттау. Микроскоптық зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, тасбағандардың сапалы сипаттарын нақтылы сұлбаға сәйкес хаттау. Мұның нәтижесінде дайындалған құжатта кеннің атауы, ұңғыманың нөмірі, тасбағанның алыну датасы, тасбаған шығыны көрсетіледі және оны құрайтын тау жынысы қабаттары қысқаша сипатталады. Аталған сипаттамада<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref> көрсетілетін мәліметтер: тау жынысының атауы, құрғақ күйіндегі түсі, мұнай кіріктіру белгілері, минералогиялық құрамы, түйіршіктілігі, беріктігі, жұмырлығы, іріктелу дәрежесі, құрылымдық ерекшеліктері, нақыштық белгілері, палеонтологиялық қалдықтары, қалыңдылығы хатталып отырған қабаттан жұқалау қабатшалар мен линзалардың астасу мүмкіндігі және олардың көрініс беру деңгейлері, жарықтар мен жарықшақтар, сырғанау айналары, тау жыныстарының еңістену бұрышы т.с.с.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}