Тарту-таралғы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елдің құрметті адамдарына, халық ішінде ерекше беделге ие болған белгілі азаматтарға сый-сияпат жасаудың бір жолы - тарту-таралғы ұсыну ежелден қалыптасқан дәстүр. Бұл сол адамның мәртебесін көтеру, еңбегін бағалау. Батырды, ақынды, қасиетті өнегелі шебер, шешендерді халық осылай бағалап сыйлаған. Мұндай тартуға жүйрік пен жорға, қара нар, қалы кілем, күмістелген ер-тоқым, құндыз бөрік, зер шапан, кісе белбеу тағы басқа қымбат бұйымдар жатады. Егер атағы шыққан адамдар келгенде, оларға мұндай құрмет көрсете алмағандарды "жолдан жығылу" дейді. Бұл азаматқа үлкен мін кемшілік әрі ұят іс, қатардан қалу деген сөз. Тарту - елдің елдігін көрсететін тәрбиелік жол.


Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.