Тарихтардың таңдаулысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ахсан Ат-Тауарих (“Тарихтардың таңдаулысы”) — Хасан бек Румлудың тарихи шығармасы. Парсы тілінде жазылған 12 томдық бұл еңбектің тек соңғы екі томы ғана сақталған. Еңбектің 11 томын Науаи 1970 жылы Иранда, ал қысқартылған 12-томын Ч. Седдом ағылшын тілінде Үндістанда бастырып шығарды. 12-томында қазақ тарихы жөнінде құнды деректер бар. Мұрындық, Қасым, Хақназар хандар, Мұхаммед Шайбани ханның қазақтарға жорығы (1510) туралы мәліметтер келтірілген. Шығармадағы қазақтар мен оларға көршілес елдердің өзара қарым-қатынасы туралы деректер Абдаллах хан ІІ таққа отырғанға дейінгі Шайбани әулетінің үстемдігі жөнінде кеңірек мағлұматтар береді. Шығарманың 16 ғасырдың2-жартысындағы саяси-әскери жағдайларды түсіну үшін пайдасы зор.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub