Тарбақ аяқ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тарбақ аяқ, каракатица - басаяқтылар отряды былқылдақденелілеріне жатады. Дене ұзындығы 1-ден 50 см дейін, салмағы 12 кг дейін жетеді. Нағыз тарбақ аяқтылардың қабыршағы болмайды немесе ізбестен құралған. Қос қармалауыштары арнайы қалташада жатады. 20 туыстардың 150 түрі белгілі. ТМД аймағында 2 туыстың 6 түрі кездеседі. Нағыз тарбақ аяқтылар тропикалық және субтропикалық теңіздерде 500-1000 м тереңдікте тіршілік етеді. Кешқұрым және түнде белсенділік байқатады. Ұсаұ балықтармен былқылдақ денелілерді аулайды. Жұмыртқа салып көбейеді.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub