Таразы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен анықтайтын құрал.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар  : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref> Таразының үй жағдайында пайдалану үшін қолға ұстайтын, қабырғала ілетін және стол не еденге қоятын түрлері шығарылады. Пайдалануға ыңғайлы, ықшам, құрылымы қарапайым келеді. Дегенмен, лаборатория немесе дүкен таразыларымен салыстырғанда дәлдігі төмендеу болады. Тұрмыстық таразылардың серіппелі және иінді түрлері көбірек тараған. Серіппелі таразының негізіне жазық не цилиндр спиральді серіппе алынады. Оның қызметі өлшенетің заттық салмағы мен сығылған не созылған серіппе күшін теңестіруге негізделеді; таразының көрсетуін шкала бойынша есептейді. Ал, шкала бойымен серіппе арқылы жалғасқан көрсеткіш жыл жын отырады. Серіппелі қол таразысы 6 немесе 10 килограмдық (шкаласы 200 г және 250 г-дық бөліктерге бөлінген) болып шығарылады. Тамақ дайындағанда не қайнатпа әзірлегенде қажетті өнім мөлшерін білу үшін серіппелі стол немесе қабырға тарамысы.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Таразы- әсер ететін ауырлық күші бойынша дененің салмағын немесе массасын анықтауға арнапған аспап.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>

Серіппелі таразы

Серіппелі таразы - серіппенің серпімді деформациялануын тудыратын күшке байланысты дене салмағын өлшейтін құрал.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Таразы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}