Танин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Танин - сия жасайтын жаңғақтан алынатын органикалық зат. Ол суыққа қарсы және залалсыздандыратын дәрі ретінде кеңінен қолданылады.

Емдік қасиеті

Танинді шырышты қабық суықтағанда, ауыз қуысы, жұтқыншақ пен көмей ауырғанда, ауыз уылғанда, жара іріңдегенде, күйіп қалғанда, ішімдікке және ішкі құрылысты жуатын металдан жасалған заттардан уланғанда қолданады.

Қолданылуы

Танинді шырышты қабық суықтағанда, ауыз қуысы, жұтқыншақ пен көмей, мұрын және тік ішек ауырғанда 1-2% су мен глициринді араластырып, ауырған мүшеңізді шаю керек. 1% ерітіндімен күніне 3-5 рет клизма жасауға болады.

Жара іріңдегенде, күйп қалғанда, денеңізді жарақаттап алғанда 3-5-10 су мен глицирин ерітіндісін және 10-20% мазьді қолдануға болады.

Зияны

Іш өткенде танинді қолдануға болмайды, өйткені ол асқазанды бұзып, тәбетті төмендетеді және ас қорыту жұмысын баяулатады.

Құрамы, формасы және сақталуы

Танин ұнтақ түрде болады. Бір пакетте 5 немесе 10 гр. болады. Оны құрғақ жерде аузы мықтап жабылатын банкіде сақтау крек. Сақтау мерзімі - 5 жыл.

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер