Тампонаждау ерiтiндiлерi
Тампонаждау ерiтiндiлерi - бұл тампонаждау үшiн пайдаланылатын арнайы материалдар немесе құрамдардың комбинациясы. Тампонажды қоспалар уақыт өтуімен тампонаждау тасы құрылған кезде қатая алады немесе тұтқыр немесе тұтқыр-илемдi жүйе ретінде қоюланып, қатая алады.
Тампонаждау түрлері
- ұңғыманы салу кезіндегі – технологиялық;
- ұңғыманы жою үшін арналған – ликвидациялық.
Тампонаждау ерiтiндiсi мен тасының функциясы тампонаждаудың мақсатымен шартталған. Осыған байланысты тампонаждау ерітіндісіне әртүрлі талаптар қойылады. Тампонаждау ерітінділеріне қойылатын талаптар:
- жақсы аққыштық;
- кез келген қуыс пен микрожарықтарға өте алуы;
- седиментацияның жоқтығы;
- шегендеуші құбыр мен тау жыныстарына жақсы жабысуы;
- қасиетін өзгерту үшін өңделу қабілеті;
- тампонаждалған тау жыныстары мен сумен әсерлеспеуі;
- жер асты суларының шаюшы әрекетіне шыдамдылық;
- жоғары температура мен қысым кезінді біртектілігі;
- қатаю кезінде тұнбаның түзілмеуі;
- бұрғылау сораптарымен жақсы айдалуы;
- жылжу кезінде үйкелістің аз болуы;
- басқа ерітінділермен араласу мүмкіндігі;
- технологиялық жабдықтан жақсы шайылуы;
- тампонаждау тасының оңай бұрғылануы
Тығыздығы бойынша тампонаждау ерітінділері былай бөлінеді:
- жеңіл - 1,3 г/см3 дейін;
- жеңілдетілген - 1,3 г/см3;
- орташа - 1,75 -1,95 г/см3;
- ауырлатылған - 1,95 -2,20 г/см3;
- ауыр - 20,20 г/см3 жоғары.
Ұсталу ұақытына байланысты :
- тез уақытта ұсталатын - 40 мин дейін;
- орташа уақытта ұсталатын -1 сағ 20 мин - 2 сағ;
- ұзақ уақытта ұсталатын - 2 сағ көп
Тампонаждау ерітінділерінің негізгі технологиялық параметрлері
Цементтік қоспа – цемент пен су қоспасы. Цемент алдын ала 80 мкм електен өткізіледі. Цементтік қоспа сфера тәрізді ыдыста 3 мин бойы қолмен араластырылады, арнайы араластырғыштарда 5 мин. Су цементті қатынас – су көлемінің цемент салмағына қатынасы
- Аққыштық, см– цементі ерітіндінің жылжымалылығын анықтайды.
- Тығыздық, г/см3 - Цемент ерітіндісі массасының көлеміне қатынасы.
- Фильтрация, см3 - 30 минутта 1 атм қысыммен цементті ерітіндінің кағаз сүзгіден өткен мөлшері.
- Цементтi ерiтiндiнің седиментацияға орнықтылығы - су бөлінумен анықталады, яғни седимиментация кезінде цементті ерітіндіден бөлінген судың мөлшерімен анықталады.
- Қоюлану уақыты, мин, сағ - ерітіндінің аққыштықты жоғалту уақыты.
- Ұсталу уақыты, мин, сағ – цементті ерітіндінің цементті тасқа айналу уақыты.